Қазақстандықтардың зейнетақысы жеке табыс салығынан босатылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың зейнетақысы жеке табыс салығынан босатылады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап "БЖЗҚ" АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап "БЖЗҚ" АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды. Осы арқылы БЖЗҚ-дан Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, барлық табыс, тұрғын үйге/емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады.

Қазір қалай?

Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталатын кіріс түріне жатады. Яғни зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынғанға дейін аударылады. Ал жеке табыс салығы төлемдер жүзеге асырылған кезде ұсталады. Тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемін пайдаланған кезде ЖТС ұстау да көзделді.

Енді не өзгереді?

1 қаңтардан бастап ЖТС зейнетақы төлемдерінің барлық түрінен ұсталмайды. Бірақ мұның Қазақстан Республикасының резиденті болып есептелмейтін азаматтарға қатысы жоқ. ЖТС біржолғы зейнетақы төлемдерінен де ұсталмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети