Қазақстандықтардың зейнетақысы қалай өседі?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың зейнетақысы қалай өседі? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден аса зейнетақы төленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден аса зейнетақы төленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 564,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 181,2 млрд теңге бөлінген. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 481 мың адам.

"2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 502 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 95 814 теңге, базалық зейнетақы мөлшері 47 688 теңге болды", - деп жазылған хабарламада.

Президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғары 120 пайызға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылып келеді.

"2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65 пайызынан 70 пайызына дейін артты, осылайша 32 360 теңгеге жетті, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейі бойынша 105-тен 110 пайызға дейін артып, 50 851 теңгеге жетті", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети