28 қаңтар 2015 | 21:18

Қазақстандықтарға 30 жылдан асқан көліктерді әкелуге рұқсат етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Auto.bigmir.ru ©Auto.bigmir.ru

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения елдері кіретін ЕАЭО аумағында шыққанына 30 жылдан асқан автокөліктерді тіркеуге рұқсат берілді. Мұндай ереже Кеден одағының жаңа Техникалық регламентінде бар, - деп хабарлайды Колеса.kz сайты.


Иконка комментария блок соц сети

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения елдері кіретін ЕАЭО аумағында шыққанына 30 жылдан асқан автокөліктерді тіркеуге рұқсат берілді. Мұндай ереже Кеден одағының жаңа Техникалық регламентінде бар, - деп хабарлайды Колеса.kz сайты.

Осыған дейін Қазақстанда раритет автокөліктерді әкелу және есепке тіркелу туралы еш жерде заңнамалық түрде айтылмады, тек экологиялық класы бойынша шектеу болды, бұл шектеу мұндай көліктерді сатып алуға мүмкіндік бермеген. 

Жаңа ережелерге сәйкес, техникалық регламент L және M1 категориясындағы, шығарылғанынан бастап 30 және одан да көп жыл өткен көліктерге, сонымен қатар, адамдар мен жүкті коммерциялық мақсатта пайдаланылмайтын М2, М3 және N категориясындағы әрі шыққан күнінен бастап 50 немесе одан да көп жыл өткен, тұпнұсқа қозғалтқышы мен кузовы бар автокөліктерге шектеу қоймайды.

Осылайша, ЕАЭО елдерінде енді 1985 жылдан бұрынғы (осы жылғы жағдайда) автокөліктерді: мотоцикл және жеңіл автомобильдерді, мұнымен бірге, 1965 жылдан бұрынғы жүк көліктері, автобустар мен шағын автобустарды тіркеуге мүмкіндік туды.

Айта кетейік, техникалық регламенттің бұл пункті бақуатты коллекционерлерді қызықтырады, себебі раритет көліктерді тіркеуге қою өте қымбат - бірыңғай кеден тарифі бойынша мұндай көліктердің салығы жоғары - ескі жеңіл автокөліктер үшін кеденде бір шаршы сантиметрі үшін 5,8 еуро төлеу тиіс болады, ал автобустар мен жүк көліктері үшін шаршы сантиметріне 2-4,4 еуро аралығында баж салығы төленеді. Бұған Салық кодексіне сәйкес акциз бен қосылған құн салығы қосылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети