Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді Фото:depositphotos.com

Алматы киберполициясы Қазақстандағы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы киберполициясы Қазақстандағы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы "Киберполы" отандық заңды тұлғалардың қатысуымен болатын алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді.

"Егжей-тегжейлі талдау, бұл алаяқтыққа көбінесе шетелден келген адамдар жетекшілік ететіндігін көрсетті, олар қазақстандық ЖК, ЖШС өз ісін дәлелді ету үшін пайдаланады. Бұл қалай болады: қаскөйлер жомарт сыйақы беремін деп адамды өз атынан компания ашуға және оны жалға беруге көндіреді. Сонымен қатар заңды тұлғаның иесі өзін алаяқтық тізбекке араластырып жатыр деп күдіктенбеуі де мүмкін.

Біздің кеңес: ЖК мен ЖШС-ні үшінші адамдарға жалға бермеңіз, өйткені жалға алынған ЖК мен ЖШС-ні қылмыстық мақсатқа пайдалану деректері жиілеп барады. Әйтпесе, қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Сондай-ақ сізден келтірілген материалдық залалды азаматтық іс жүргізу тәртібімен өндірілуі мүмкін", - деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети