15 желтоқсан 2020 | 15:19

"Қазақстандықтарға арналған вакцинадан чиптер табылды". Желіде фейк хабарлама тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде қазақстандықтарға арналған "видеоескерту" тарап жатыр, - деп хабарлайды StopFake.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде қазақстандықтарға арналған "видеоескерту" тарап жатыр, - деп хабарлайды StopFake.

Роликтің авторы чиптері бар шприцтерді камераға көрсетеді. Кадр сыртындағы адам мұндай вакцинациядан кейін "адам бірден тозаққа түседі" дейді. 

Дереккөз мәліметінше, шын мәнінде ролик авторының көрсеткені жануарларды чиптеуге арналған жүйелер. Оны кадрда көрінетін қаптамадағы жазудан білуге болады: Animal ID, ICAR Certified.

Шприцтердегі дәл осындай чиптерді интернет-дүкендер мен дәріханалардан оңай табуға болады екен. Сипаттамада олар ірі қара мен ұсақ малдарға арналған деп жазылған.

"COVID-19 вакцинасының бір дозасын сатып алып, оны үйге әкелу мүмкін емес. Жаппай вакцинациялау науқандары әзірге тек Ұлыбритания мен АҚШ-та ғана басталды, онда екпелер пациенттерге медициналық мекемелерде ғана жасалады. Қазақстанда азаматтарды вакцинациялау әлі басталған жоқ.

Бұл видеодағы чип кез келген вакцинаның бөлігі бола алмайтынын, тек үй жануарлары мен малды тіркеу құралы екенін дәлелдейді", - деп жазады басылым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети