Қазақстандықтарға арнайы ХҚКО-лардағы сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға арнайы ХҚКО-лардағы сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы айтылды Фото:depositphotos.com

Антикор Мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор Мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кешенді мониторинг жүргізу барысында көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезінде елеулі жемқорлық тәуекелдерін анықтады.

Нормативтік құқықтық актілердегі олқылықтар, ақпараттық жүйелердің жетілмегендігі, басқа бағдарламалармен және дерекқорлармен әлсіз интеграция заңсыз әрекеттерді жасауға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің арқасында осы саладағы тәуекелдерді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік туғаны айтылды.

"Алайда, қазіргі уақытта жекелеген азаматтар, сондай-ақ Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ақшалай сыйақылар үшін мәселелерді шешуге тырысады.

Мәселен, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Ол құжаттарды кедергісіз қабылдау және жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтихан тапсыруға жіберу сылтауымен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденді деп күдіктеліп отыр.

Оның іс-әрекеттеріне қорытынды бағаны сот беретіні айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети