Қазақстандықтарға әскери техника тасымалданатыны ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға әскери техника тасымалданатыны ескертілді Фото:gov.kz

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға әскери техника тасымалданатынын, соған орай жалған ақпаратқа сенбеу керегін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға әскери техника тасымалданатынын, соған орай жалған ақпаратқа сенбеу керегін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өтеді.

"Жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңіріндегі полигондарға жеткізіледі. Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды", - деп жазылған хабарламада.

Бөлімдердің белгіленген мерзімдегі мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ, командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатыны айтылды.

"Әлеуметтік желілерді қолданушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - деп жазылған ведомство мәліметінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети