05 шілде 2023 17:45

Қазақстандықтарға жолдарда көлік ағынының артуына байланысты ескерту жасалды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге мерекелік демалыс күндері қарсаңында тасжолдардағы көлік ағыны айтарлықтай артатыны туралы ескерту мен ұсыныстар жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге мерекелік демалыс күндері қарсаңында тасжолдардағы көлік ағыны айтарлықтай артатыны туралы ескерту мен ұсыныстар жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мереке күндері жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейтіні хабарланды. Көлік қозғалысының көп болуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарды пайдаланушыларға жолға шығар алдында көліктің жағдайын тексеріп, жол ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмау ұсынылған.

"Демалыс және мереке күндері бүкіл республикалық жол желісінде, оның ішінде ақылы жолдарда көлік қозғалысы айтарлықтай артады. 5 шілденің кешінен бастап көлік қозғалысы учаскеге байланысты 30-40 пайызға артады деп күтіліп отыр", - деді жол қызметкерлері.

Компания мәліметінше, жаз мезгілінде ең танымал бағыттар, "Астана – Щучье" және "Алматы – Қонаев".

"Төлем жүйесінің алдындағы кептелістің алдын алу үшін мемлекеттік тіркеу нөмірінің шотын толтыру ұсынылады. Бұл ақы алу пункттерінен өту уақытын барынша азайтады. Толық ақпаратты kaztoll.kz сайтынан алуға болады", - деді "ҚазАвтоЖол" компания өкілдері.

Республикалық жолдарда төтенше жағдай болған жағдайда жүргізушілер тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласа алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети