Қазақстандықтарға карантинге байланысты 42 500 теңге төлене ме?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға карантинге байланысты 42 500 теңге төлене ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға карантинге байланысты 42 500 теңге төлене ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Еңбек министрлігі 42 500 теңге төлеуді қайта бастау жоспарланбағанын мәлімдеді.

"Қазақстан өңірлерінде жекелеген қызмет түрлеріне және қысқа мерзімге, негізінен демалыс күндеріне шектеу шаралары енгізіліп жатыр. Бүгінде бизнесті қолдау ретінде жеңілдіктер (салық және өзге де есептілікті тапсыру, қызметті тексеруге мораторий) енгізілген. Осыған байланысты 42 500 теңге төлемді қайта бастау туралы мәселе қаралмайды", - деп жауап берді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, ТЖ режимі мен карантин кезінде қызметке енгізілген шектеулерге байланысты табысын жоғалтқан тұрғындарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге төленген.

"Бұл жұмыс істейтін азаматтарды қолдаудың бұрын-соңды болмаған шарасы. Жалпы сомасы 476,3 миллиард теңге төлемді 4,6 миллионнан аса адам алды", - деп толықтырды министрлік қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro