14 наурыз 2024 17:26

Қазақстандықтарға ҚҚС өтемақысы төлене ме? Еңбек министрлігі жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша өтемақы төлемі енгізілгені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша өтемақы төлемі енгізілгені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚҚС үшін өтемақы енгізгені туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Мессе нджерлерде Еңбекмині ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады.

Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Министрлік мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатынын ескертті.

"Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети