Қазақстандықтарға “ҚР Жол полициясы департаментінен“ келетін SMS туралы ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға “ҚР Жол полициясы департаментінен“ келетін SMS туралы ескертілді Фото: polisia.kz

Қазақстандықтарға "ҚР Жол полициясы департаменті" деген тақырыппен төленбеген әкімшілік айыппұлдар туралы келетін күдікті SMS-хабарламалардың жиілеп кеткені ескертілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облысының ПД-не сілтеме жасап.


"Өңір тұрғындарына "ҚР Жол полициясы департаменті" атынан айыппұлдар туралы күдікті SMS-тер жиі келе бастады. Бұл - күмәнді сілтемелер арқылы ақшаңыз бен жеке деректеріңізді қолды етуді көздейтін алаяқтардың айласы", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты полиция өңір тұрғындарын барынша сақ болуға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тек мемлекеттік сервистер арқылы тексеруге болады:

  • qamqor.gov.kz
  • eGov.kz
  • сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларынан.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қарағанды полициясының (@policeofkaraganda) жарияланымы

Еске сала кетейік, бұған дейін ІІМ қазақстандықтар мен ата-аналарға мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі аккаунттардың алаяқтық схемаларға пайдаланылу жағдайлары туралы ескерту жасады. Ведомство мәліметінше, жасөспірімдер сыйақы үшін сим-карталар мен аккаунттар тіркейді, кейін оларды қаскөйлер азаматтарды алдау үшін пайдаланады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +27
Ақтау +28
Ақтөбе +30
Атырау +24
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +26
П
Павлодар +28
Петропавл +24
С
Семей +25
Т
Талдықорған +31
Тараз +34
Түркістан +29
О
Орал +22
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер