Қазақстандықтарға кредитті кейін төлеуге мүмкіндік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға кредитті кейін төлеуге мүмкіндік берілді

Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар үшін кредитті төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар үшін кредитті төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төтенше жағдай кезінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды салмау жөніндегі шектеуге қарамастан негізгі қарызды төлеу және займдар бойынша сыйақы беруді тоқтату қажет", - деді ол төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

 Сонымен қатар президент көптеген қазақстандық жағдайдың қиындығына байланысты ломбард, онлайн кредит, микроқаржылық ұйымдарға барып жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл саладағы жағдайды бақылауда ұстау қажет.

"Сондықтан бұл саланы тәртіпке келтіру маңызды. Қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттігі, бас прокуратура, ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне заң сақталуы үшін ауқымды акция жүргізіп, заң бұзушыларды жауап тартуды тапсырамын. Бұл БАҚ-та және әлеуметтік желіде жариялануы қажет. Қиын жағдайда қазақстандықтар құқығының мемлекет қорғайтынын білуі маңызды", - деді мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети