Қазақстандықтарға құжаттардың түпнұсқасын алып жүру ұсынылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға құжаттардың түпнұсқасын алып жүру ұсынылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

2 тамызда Қазақстанда eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы бірнеше сағатқа жұмысын тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 тамызда Қазақстанда eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы бірнеше сағатқа жұмысын тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз қызметі мәліметінше, техникалық жұмыстар 2025 жылғы 2 тамыз сағат 02:00-ден сағат 06:00-ге дейін жүргізіледі. Уақыт аралығы пайдаланушылардың ең төмен белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, бұл мүмкін болатын қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:

  • eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы ("Цифрлық құжаттар" сервисін қоса алғанда);
  • e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;
    "ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
  • Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.

"Осыған байланысты, "ҰАТ" АҚ барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады.

Түсіністік танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!" - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети