Қазақстандықтарға Өзбекстанмен шекарадағы шектеулер туралы ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға Өзбекстанмен шекарадағы шектеулер туралы ескертілді Фото: ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Қазақстан мен Өзбекстан "Капланбек" және "Навои" өткізу бекеттерін ашты, бірақ олар шектеулермен жұмыс істейді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Өзбекстан "Капланбек" және "Навои" өткізу бекеттерін ашты, бірақ олар шектеулермен жұмыс істейді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

МКК мәліметінше, жақында өзбек тарапы "Гишт-Куприк" өткізу бекетін (қазақстандық тараптағы "Жібек жолы" бекеті) жаңғырту жұмыстарының аяқталуына байланысты уақытша жабады.

Сондықтан екі ел келісіп, "Капланбек" және "Навои" өткізу бекеттерін жеке тұлғалардың жаяу өтуі, жеңіл автокөліктер мен автобустардың өтуі үшін ашуға келісті.

"Қазақстан және Өзбекстан тараптары "Капланбек" (Қазақстан) және "Навои" (Өзбекстан) өткізу бекеттерінде бір уақытта жаңғырту және техникалық жабдықтау жұмыстарын жүргізді. Бүгін бұл өткізу бекеттерінің техникалық ашылуы өтті.

Іске қосу-реттеу жұмыстарына байланысты 27 қаңтардан 5 ақпанға дейін жеке тұлғалар, жеңіл автокөліктер мен автобустар шектеулі мөлшерде өткізіледі. 5 ақпаннан бастап өткізу бекеті толық қуатта жұмыс істей бастайды", – деп хабарлады МКК.

Кейін, тараптардың келісімі бойынша, екінші кезеңде бұл өткізу бекеттерінде жүк автокөліктерін өткізу басталады.

Комитет мәліметінше, "Капланбек" өткізу бекеті жеке тұлғаларды өткізу мүмкіндігін тәулігіне 20 мың адамға, автокөліктерді тәулігіне 800 көлікке дейін арттырады деп күтіледі.

"Жібек жолы" өткізу бекетінің уақытша жабылу мерзімі туралы қосымша хабарланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети