Қазақстандықтарға шамамен 1,6 миллиард теңге қайтарылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға шамамен 1,6 миллиард теңге қайтарылады Фото: depositphotos.com

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жөніндегі жұмысты аяқтады. Қайта есептеу қорытындысы бойынша, азаматтарға 1 554,7 миллион теңгеден аса (ҚҚС есебімен) қайтарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен - 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетілетіні айтылды.

Қайтару елдің барлық аймағына әсер етеді. Ең көп сома – 457 миллион теңге Қарағанды облысының тұрғындарына қайтарылады. Астанада тұтынушыларға шамамен 225 миллион теңге қайтарылады.

"Айта кету керек, Астанада жылыту маусымы бойы ай сайын қайта есептеу жүргізілді, бұл температураның өзгеруін дәлірек ескеруге және тұтынылған жылудың нақты көлемін көрсетуге мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

Шымкент пен Ұлытау облысының тұтынушылары үшін есептеулерді түзету қарастырылмаған, өйткені реттелетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып қалыптастырылған.

Қосымша ақпарат алу үшін тұрғындарға Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттеріне келесі телефондар арқылы жүгіну ұсынылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети