28 желтоқсан 2016 | 12:21

Қазақстандықтарға сотты болғаны жайлы анықтамалар жаңа үлгіде берілетін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mediasat.info © mediasat.info

Қазақстандықтарға сотты болғаны жайлы анықтамалар жаңа үлгіде берілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында жеке тұлғалар үшін ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетудің тәртібі өзгертілгені айтылады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтарға сотты болғаны жайлы анықтамалар жаңа үлгіде берілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында жеке тұлғалар үшін ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетудің тәртібі өзгертілгені айтылады.

"Осы жылдың 15 желтоқсанында Үкіметтің № 816 қаулысымен Мемлекеттік қызмет көрсету реестріне өзгертулер енгізілді. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің "Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру" жаңа көрсетілетін мемлекеттік қызметі "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беруге" ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Жаңа нысан азаматтарға соттылық туралы анықтаманы оның жойылуын немесе алынып тасталуын ескере отырып беруді болжайды. Айта кетейік, көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша Стандарт және регламент бекітілгеннен кейін, ол "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясының филиалдарында (ХҚКО) және электронды үкімет порталы арқылы беріледі.

Сондай-ақ, "Мемлекеттік қызметтер туралы" ҚР Заңының 13-бабына сәйкес, стандарт көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізімдемесіне қызметті енгізген күннен бастап үш айдың ішінде әзірленеді және бекітіледі.

Осылайша, 2017 жылдың 2-тоқсанынан бастап бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған соттылықтары жойылған болмаса алынып азаматтар анықтаманы "Соттылығы жоқ' деген белгімен ала алатын болады.

Стандарттың жобасы қазіргі уақытта сайтта жариялы түрде талқылау рәсімінен өтіп жатыр. Кез келген  қалаған адам жариялы талқылауға қатыса отырып, өзінің пікірін білдіре алады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети