Қазақстандықтарға төлқұжатындағы суреті неге ұнамайды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға төлқұжатындағы суреті неге ұнамайды? Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтардың төлқұжатқа түскен суреті неге сәтті болмайтыны анықталды. Бұны Facebook қолданушысы Ерлан Оспанов байқаған. Оның айтуынша, ол ХҚКО-да камера объективі 24 миллиметрлік қысқа фокусқа орнатылғанын байқаған, бұл құжаттарға арналған суретке келмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың төлқұжатқа түскен суреті неге сәтті болмайтыны анықталды. Бұны Facebook қолданушысы Ерлан Оспанов байқаған. Оның айтуынша, ол ХҚКО-да камера объективі 24 миллиметрлік қысқа фокусқа орнатылғанын байқаған, бұл құжаттарға арналған суретке келмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл фокуста ешкімге өз суреті ұнамайды. Портреттер 85 мм-де түсіріледі. Немесе 100 мм (кропкамералар үшін - 55 мм). Сәйкесінше, нысан 24 мм-де түсірілгенде камерадан алысырақ орналасуы керек. Сонда бет әдемі болады. Қысқа фокус панорамаларды, пейзаждарды түсіруге арналған. Қысқа фокустағы портрет (24-36 мм)", - деді Ерлан Оспанов.

Көп қолданушы жазба авторымен келісіп, кей жағдайда сурет айтарлықтай өзгеретінін айтқан. Кейбір пікір білдірушілер құжаттағы суретін көрсетуге ұялатынын айтқан.

Бұл жазбаға "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ басқарушы директоры Байрам Азизов түсініктеме берген.

"Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды құжаттандыру үшін қолданылатын камераларды ҚР ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығы қамтамасыз етеді. Фотосуреттің сапасы мен параметрлеріне, форматына қойылатын барлық талап осы құжатта көрсетілген. Егер камералар істен шықса, жөндеу жұмыстарына Ақпараттық өндірістік орталығының қызметкерлері де тартылады. ХҚКО қызметкері тек суретке түсіреді және планшетте клиенттің қолтаңбасын қабылдайды және оларды ақпараттық жүйеге енгізеді. Бұл біз назарға алатын және болашақта оқытуды қамтамасыз ететін қызықты байқау", - деді Азизов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети