18 мамыр 2023 | 14:06

Қазақстандықтарға тойға несие алуға тыйым салынуы мүмкін бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Көптеген қазақстандық мерекелік шараларға несие алады, бірақ олардың барлығы қаржылық шығындарын есептей бермейді. "Мемлекет тойға несие беруді қалай да реттемек пе?" деп журналистер Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтан сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Көптеген қазақстандық мерекелік шараларға несие алады, бірақ олардың барлығы қаржылық шығындарын есептей бермейді. "Мемлекет тойға несие беруді қалай да реттемек пе?" деп журналистер Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтан сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік төрағасының орынбасары несиенің жекелеген түрлерін беруге тыйым салуды мүмкін емес деп атады, себебі бұл банктердің ішкі қызметіне араласу болып саналады.

"Қазір біз белгілі бір қарыз алушының мерзімі өтіп кеткен несиелері болса, банктер мен микроқаржы ұйымдарына несие беруге тыйым салатын заңнамалық нормаларды қарастырып жатырмыз. Осылайша біз қаржылық қиындықтарға тап болған жеке тұлғалардың қарызының артуына шектеу қоя аламыз. Біз заң бойынша несие беруді тоқтатуға құқығымыз жоқ, бұл банктің ішкі саясаты, біз оған араласа алмаймыз", - деді Қизатов Сенат отырысында.

Сондай-ақ мемлекет несиенің жекелеген түрлеріне шектеу қоя алмайды. Мәселен, банктер тойға 2 миллион теңгеден аспайтын көлемде қаржы беруі керек.

"Бұл да банктің ішкі саясатына араласу. Сондықтан бұл жерде біз уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған тұлғаларға несие беруді шектеу тұрғысынан жұмыстар жүргіземіз", - деді Агенттік төрағасының орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети