Қазақстандықтарға Ұлттық қордан 8 миллион доллар аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға Ұлттық қордан 8 миллион доллар аударылды Фото:depositphotos.com

"БЖЗҚ" АҚ "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына 8 миллионнан аса АҚШ долларын аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"БЖЗҚ" АҚ "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына 8 миллионнан аса АҚШ долларын аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы іске қосылған 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ 8 миллионнан аса АҚШ долларына 75 329 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды).

"Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 4,65 млн астам АҚШ долларына 43 781 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 3,35 млн АҚШ долларына 31 548 өтініш орындалды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети