07 шілде 2020 10:48

Қазақстандықтарға үйде отыруға кеңес берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: m24.ru Фото: m24.ru

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пандемиясына байланысты қазақстандықтарға үйде отыруға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

"Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға үйде отыруға үндейді. Оқшаулану және басқа да профилактикалық шараларды сақтау коронавирус инфекциясының таралуына жол бермейді", - делінген хабарламада.

Министрлік COVID-19 вирусының алғашқы белгілері пайда болса және учаскелік дәрігерден кеңес алу қажет болған жағдайда үйден шықпай, мемлекеттік қызмет түрлерін электронды үкімет порталынан алуға кеңес береді. 

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 49 683 адам коронавирус жұқтырды. 16 183 науқас дертінен айықса, 264 адам қайтыс болды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети