Әлеуметтік желіде қазақстандық Геннадий Цой ұсталғаны туралы фейк хабарлама тарап жатыр. Хабарламаға оның жеке куәлігінің суреті тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде қазақстандық Геннадий Цой ұсталғаны туралы фейк хабарлама тарап жатыр. Хабарламаға оның жеке куәлігінің суреті тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ұсталған азамат 2020 жылғы 28 қазанда Еңбекші аудандық ішкі істер басқармасына (Шымкент) жеткізілді. Ол кінәсін мойындады, енді ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 10 жылға сотталады", - делінген хабарламада.
Жеке куәлігі бар суретке Kaspi.kz қосымшасындағы есепшотының скриншоты қосылған. Қазақстандықтар фейк хабарламаны жаппай таратты.
Фейк суреттің авторы Геннадий Цой хабарлама шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Оның айтуынша, ол фотоны отбасылық чатта қалжыңдау үшін жасаған. Бірақ аяқ астынан Желіде тарап кеткен. Қазір Геннадий Шымкенттегі үйінде.
"Үйдемін, дүрбелеңге салындым. Жұмыста отыр едім. Photoshop арқылы (осындай сурет) істедім. Отбасылық чатқа жібердім. Онда туыстар: әпкелер, ағалар бар. Күлдік, кейін өшіріп тастадым және бітті. Кейін қалжыңдап досыма жібердім. Ол ешкімге жібермеймін деп уәде еткен. Бүгін кешке бәрі маған білетінін айтып, қоңырау шалды, жаза бастады. Мен бәріне (отбасы чатындағыларға) қоңырау шалдым, кім жібергенін түсінбедім", - деді жас жігіт.
Геннадий Цой бұл хабарламаны қалай жасағанын видеомен көрсетті.
Еске салайық, кеше, 28 қазанда Кaspi.kz банкінің қосымшасында ақау шыққан еді. Олардың кейбірі шотындағы ақшаның азайғанын айтса, тағы біреуі керісінше шоттағы ақшаның көбейгенін хабарлаған. Банк өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдіріп, кейін ақау жойылған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!