Қазақстанға 2 миллиард юань несие беру Қытайға тиімді ме?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Сенат отырысында Қытайға Қазақстанға 20 жылға 2 миллиард юань несие беру неліктен тиімді екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сенат отырысында Қытайға Қазақстанға 20 жылға 2 миллиард юань несие беру неліктен тиімді екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің кедендік операцияларды әкімшіліктендіру департаменті кедендік транзит және интеграцияланған бақылау басқармасының басшысы Қайрат Маубаев өз пікірін бөлісті. 

"Біз транзит бөлігінде тиімді жағдайда тұрмыз. Қытай барлық тасымалды бақылайды. Мысалы, Қытайдан Еуропаға теңіз тасымалы бір жарым ай, теміржол - 30-дан 35 күнге дейін, автомобиль - 10-15 күн. Яғни, олар тауарларды жеткізу үшін үлкен әлеует бар екенін көреді. Тіпті Әулие Валентин күніне (14 ақпан) арналған тауарларды Қытайға 8 наурызда жеткізіп, күлкілі оқиға болды, бұл тауарлардың өзектілігі жоғалды. ( ... ) Қытайға да бізге де тиімді", - деп мәлімдеді Қайрат Маубаев Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің отырысында.

"Бізге транзитті арттыру есебінен, олар жол инфрақұрылымы сервисін пайдаланатын болады және олар біздің ақылы жолдардан жүріп өткені үшін ақы төлейді. Біз Қытай мен Еуропа арасында географиялық тұрғыдан өте ыңғайлы орналасқанбыз", - деді ол.

Шенеуніктің айтуынша, Қазақстан несиені екі пайызбен алады, бірақ егер банк (Эксим банк - түсіндірме) көп пайызбен қарыз беретін болады, онда шығындарды Қытай үкіметі өтейді. 

"Достық" өткізу пунктінде (Қытаймен шекарадағы өткізу пункті) 2003 жылы Қазақстанға орнатылған инспекциялық-тексеру кешенін ауыстырамыз. Ол Қазақстандағы теміржол құрамын инспекциялау жөніндегі алғашқы бекеттердің бірі болды. Ол толықтай тозып бітті. Ол әлі де жұмыс істейді, бірақ өте ауыр жағдайларда. Қызмет көрсету өте қымбат, біз оны өзгертеміз. Автомобиль пункттері бойынша - рұқсатнаманы 5 есеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз", - деді Маубаев.

Оның айтуынша, осы келісімнен Қазақстан кедендік төлемдер мен салықтан шамамен 300 миллиард теңгеге дейін пайда көреді екен. 

"Шекарадан өту процесі толық автоматтандырылады, сонымен қатар біз Астанада бас басқарманы салып жатырмыз, онда көптеген функцияларды өткізу пункттерінен алып жатырмыз. Осылайша, жемқорлық тәуекелдері азаяды", - деп есептейді Мәубаев.

Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаевтың айтуынша, 2 миллиард юань төлеу пайызымен шамамен 154 миллиард теңге болады. Жыл сайын Қазақстан Қытайға шамамен 7,7 миллиард теңгеден қайтарып отырады. 

"Бұл бюджет үшін аз сома, тиісінше, бұдан мәселе туындамайды. Процедуралар немесе шарттар өзгерген жағдайда кез келген келісімді өзгертуге болады, ", - деді Бекетаев Сенат кулуарында.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті "Қазақстан мен Қытай арасындағы Қытаймен жеңілдетілген несие беру туралы негіздемелік келісімді бекіту туралы" заң жобасын қолдап, палатаның жалпы отырысының қарауына жіберді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.51  course up  572.36  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer