Қазақстанға активтерді қайтару: 28 миллиардтан аса қаражат қайда жұмсалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға активтерді қайтару: 28 миллиардтан аса қаражат қайда жұмсалады? Фото: ustinka.kz/Риддер әкімдігінің баспасөз қызметі

Риддердегі аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға қайтарылған активтерден 28 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддердегі аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға қайтарылған активтерден 28 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң шеңберінде қайтарылған қаражаттан Риддер қаласындағы 200 орындық стационары мен бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емханасы бар көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28,2 миллиард теңге бөлінді.

"Үкімет 2021 жылы басталған аурухана кешенінің құрылысын аяқтау үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Жобаның жалпы құны – 34,8 миллиард теңге, қазіргі уақытта 6,6 миллиард теңге игерілді, оның ішінде 2 миллиард теңге республикалық бюджеттен, 4,6 миллиард теңге жергілікті бюджеттен бөлінген. Қалған қаражат Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінеді", - делінген хабарламада.

Аурухана кешенінің ашылуы демографиялық жүктемесі жоғары моноқала үшін өте маңызды екені айтылды. Риддердің халқы 55 мың адам болады, оның 22,7 пайызы 60 жастан асқан. Қаланың әр түкпіріндегі 12 ғимаратта орналасқан жалғыз аурухана кешенінің ғимараттары 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Нысандар ескірген және қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді.

Сонымен қатар халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қосымша кардиологиялық, инсульттік, травматологиялық және күйік төсектерін ашу қажет. Жаңа көпсалалы кешеннің жалпы ауданы – 40 мың м2. Аурухана сараптамалық кластағы медициналық жабдықтармен жабдықталады. Мұнда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети