Қазақстанға активтерді қайтару: 8 миллиард теңгеге жуық қаражат қайда жұмсалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға активтерді қайтару: 8 миллиард теңгеге жуық қаражат қайда жұмсалады? Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Қазақстанға қайтарылған активтерден 8 миллиард теңгеге жуық қаражатқа не салынатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға қайтарылған активтерден 8 миллиард теңгеге жуық қаражатқа не салынатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі мәліметінше, Үкімет Ақтөбеде ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбие және түзету көмегімен қамтамасыз етеді.

"Мекеме мектеп жасына дейінгі балаларға жайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажетті заттармен жабдықталады. Бүгінде облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2523-тен астам бала бар, олардың 1320-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Қазір облыс бойынша 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді. Жобаны іске асыру қажетті инфрақұрылымды құруға және ерекше қажеттіліктері бар балаларды дамыту мен тәрбиелеуді қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети