08 желтоқсан 2017 | 16:28

Қазақстанға әскер кіргізу керек деген атышулы блогер кешірім сұрай ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға әскер кіргізу керек деген ресейлік атышулы блогер Алексей Бессонов РФ президенті болғысы келеді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында айтты. Айта кетсек, блогердің бұл мәлімдемесін қазір ҚР ҰҚК мен ІІМ қарап жатыр. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға әскер кіргізу керек деген ресейлік атышулы блогер Алексей Бессонов РФ президенті болғысы келеді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында айтты. Айта кетсек, блогердің бұл мәлімдемесін қазір ҚР ҰҚК мен ІІМ қарап жатыр. 

"Мен сталиншілмін, одақтас республикаларға бөлу - Кеңес одағы аясындағы қателік болды. Бізге бірыңғай экономикалық кеңістік, бірыңғай экономикалық аймақ қажет. Мәселе осы жайлы болды. Ресми түрде президенттіке сайлауға түсуге қол жинай бастадым. Сайлау комиссиясына хат жаздым, бастамашыл топты тіркеп қойды. Мысалы Собчак сияқты. Өзімді өзім ұсынып жатырмын. Собчак жұрт алында жүрген тұлға болғандықтан БАҚ-тарда көп жазылды, ал мен жайлы ешкім жазбады. Алайда мен де Сочбак сияқты кандидат ретінде өзімді ұсынып, қол жинай бастадым", - деп мәлімдеді Бессонов.

Сонымен қатар, Пермь қаласының тұрғыны Қазақстанға әскер кіргізу керек деп мәлімдеген видеоүндеуі жайлы пікір білдірді. Мұның алдында ҚР ІІМ өкілдері Алексей Бессоновқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы ("Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насиxаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту") бойынша айып тағылатынын хабарлаған еді.

"Мәлімдемем - заң аясында. Мен заңгермін ғой. Құқық қорғау органдары немен айналысуы мүмкін дейсіз? Ресей Федерациясының заңнамасы бойынша, біле жүріңіздер, РФ азаматына қатысты бір жақтарда қылмыстық іс қозғалса да, РФ азаматтары шет елдеріне берілмейді. Ал барлық процесстік әрекеттерді прокуратура орындайды. Бөлек тапсырма бойынша. Тіпті Қазақстан өз алдында тапсырма жіберсе, Бас прокуратура бұл тапсырманы орындамайды", - дейді Бессонов.

Бессонов психикалық жағдайы жайлы да айтты. 

"Аңғармай сөйлеп тұрған шығарсыздар?! Біріншіден, психиатрдың есебінде жоқпын, оның үстіне заңгер ретінде айтарым, азаматтың психиатрлық есепте тұрғаны ештеңеге де әсер етпейді. Психиатрлық ауру кәдімгі аурулар қатарында ғана. Тұмау секілді, мысалы. Иә, ФҚҚ жүйесінде қызмет еттім, сол кезде жарақат алғанмын, жасырмаймын, бірақ ешқайда да есепте жоқпын. Борышымды өтеп жүргенде жарақат алғанмын, бұл психикалық аурумен байланысты емес, бұл тек жарақат, аяғым жараланған. Сынық тиген", - деді блогер өз жағдайы туралы. 

Айтуынша, оны телеарналар сарапшы ретінде шақырып жатыр екен.

Ал қазақстандықтардан кешірім сұрау туралы сұраққа ол "Жоқ" деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, Алексей Бессоновтың видеосы қазақстандықтардың наразылығын туғызған болатын. Көпшілік блогерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды шақырған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети