Қазақстанға әскери ұшқышсыз ұшақтар қайдан әкелінеді?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға әскери ұшқышсыз ұшақтар қайдан әкелінеді? Фото:gov.kz

Қорғаныс министрлігі Қазақстанға әскери ұшқышсыз ұшатын аппараттар қай елдерден әкелінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі Қазақстанға әскери ұшқышсыз ұшатын аппараттар қай елдерден әкелінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіз Қарулы Күштердің қызметіндегі ұшатын аппараттар туралы айттыңыз. Бізге ұшқышсыз ұшатын ұшақтар қай елдерден әкелінеді? Биыл қаншасы сатып алынды және Қазақстан қорғанысында қаншасы бар?" – деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалединов қауіпсіздік мақсатында Қарулы күштер қызметіндегі ұшқышсыз ұшатын аппараттар санын айта алмайтынын түсіндірді.

"Иә, біздің қорғаныста шет мемлекеттердің ұшқышсыз ұшатын аппараттары бар. Оның ішінде Израиль мен Қытай Халық Республикасы. Қазір біздің территорияда өндірісі ұйымдастырылатын Түркия Республикасының ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алу көзделген", - деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети