Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім Мәрзия Тұрлыханова қайтыс болды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© lofficiel.kz © lofficiel.kz

Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәрзия Тұрлыханова өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәрзия Тұрлыханова өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Мәрзия Тұрлыханованың ұлы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыханов мәлімдеді. Instagram желісіндегі парақшасында ол Мәрзия Айтбайқызымен қоштасу рәсімі 17 маусымда сағат 10.00-де Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде (Абай көшесі, 48а) өтетінін хабарлады. Ол 79 жасында қайтыс болды.

Мәрзия Тұрлыханова Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Ол көп жылдар бойы білім беру саласында жұмыс істеген. Оның жұбайы Болат Тұрлыханов - белгілі қазақ балуаны, республиканың еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Мәрзия Тұрлыханова - Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, республиканың білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.

Өзінің еңбек жолын математика мұғалімі қызметінен бастаған. Содан кейін мектеп орынбасары және директоры болған. 1994 жылы көпсалалы қазақ гимназиясын басқарды. Кейін өзінің "Болашақ" жеке мамандандырылған орта мектебінің бас директоры болды.

2000 жылдың басында танымал қазақстандық орындаушы Рахат Тұрлыханов, Мәрзия Тұрлыханованың немересі - "Асыл әжем" әнін орындаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Анамыз Тұрлыxанова Марзия Айтбайқызы 80 жасқа шыққан шағында 15 маусымда дүниеден өтті. Қоштасу-жерлеу рəсімі 17 маусымда сағат 10.00-де Алматы қаласы , Абай данғылы 48 А , Достық спорт сарайында өтедI. . Ушла из жизни наша мама - Турлыханова Марзия Айтбаевна церемония прощания состоится 17-го июня , в 10 часов , в г.Алматы , проспект Абая 48 а Спорт комплекс Достык

Публикация от Turlyhanov Dáýlet Bolatuly (@daulet_bolatuly_turlykhanov)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro