10 желтоқсан 2020 | 10:34

Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде әкелінген дәрілердің сатылғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Компания Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде әкелінген дәрілерді сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Компания Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде әкелінген дәрілерді сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, кәсіпкерлер өздерін 40 миллион теңгеден аса сомаға салық төлеуден заңсыз босатқан.

Компания осы жылдың қараша айында 400 миллионнан аса теңгеге дәрі-дәрмек әкелген. Олар тауарларды гуманитарлық жүк ретінде ұсынды, сондықтан олар кедендік алымдарды төлеуден босатылды.

Алайда көлік прокурорлары кәсіпкердің кейінірек дәрі-дәрмектерді сатумен айналысқанын анықтады.

"Мұндай жағдайда компания кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуі керек еді, бұл жағдайда салық мөлшері - 40 миллион теңге. Кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 236-бабының 1-бөлігі ("Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды төлеуден жалтару") бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді және оны Алматы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тергеп жатыр", - деді бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов.

Тағы бр компания 140 миллион теңгеден аса сомаға медициналық қорғаныш костюмдерін шетелге шығаруға тырысқан.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 234-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы ("Экономикалық контрабанда") бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. 10 қарашада Түрксіб аудандық сотының үкімімен кінәлі адамға бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети