Қазақстанға жаңа вакциналар қашан жеткізіледі? ДСМ жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға жаңа вакциналар қашан жеткізіледі? ДСМ жауабы Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаның қосымша 8 миллион дозасы қашан жеткізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаның қосымша 8 миллион дозасы қашан жеткізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, қосымша партия тамызда жеткізіледі деп жоспарланған. Нақты күні белгісіз. "Спутник V" және ДДСҰ мақұлдаған Қытай вакциналарының бірін елге жеткізу үшін келісім-шарттар жасалған.

"Қай вакцина екені қосымша хабарланады", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілі.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаның сегіз миллион дозасын  жеткізуге келісімшарт жасалғаны туралы айтқан болатын. Министр жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, республикада халық вакцинамен жеткілікті қамтамасыз етілгенін айтты.

Министрлік мәліметінше, елімізде шамамен 9 400 000 вакцина дозасы қолданылған, оның ішінде бірінші компонентпен 5 480 094 адам егілген, бұл вакцина алуы керек халықтың 55,4 пайызы. Екінші компонентпен 3 941 941 адам немесе тиісті халықтың 39,8 пайызы қамтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети