10 сәуір 2023 14:20

Қазақстанға қанша жеңіл көлік әкелінгені айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанға қанша жеңіл автокөлік әкелінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанға қанша жеңіл автокөлік әкелінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың 1 тоқсанында Қазақстанға 83 миллиард теңге сомасына КТмС төлей отырып, 25 277 жеңіл автокөлік (14 409 ТД) әкелінген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,2 есеге көп.

2022 жылы Қазақстанға 55 251 жеңіл автокөлік әкелініп, оларға 216 миллиард теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар (КТмС) төленген.

"Бірақ тәжірибе бойынша, көбінесе сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ақшасын үнемдеу үшін, тауарлардың кедендік құнын төмендетеді, яғни жалған мәліметтер негізінде кедендік құнды декларациялайды", - дейді МКК өкілдері.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес әкелінетін тауарлардың (көлік құралдарының) кедендік құны олармен жасалған мәміленің құнын, яғни осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағасын және Қазақстанға жеткізумен байланысты шығындарды (тасымалдау, сақтандыру) қамтиды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети