16 ақпан 2024 | 12:28

Қазақстанға қанша қандас оралды, оларға қанша ақша берілді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2024 жылдың басынан бері 1,3 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

2024 жылдың басынан бері 1,3 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1 306 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 129,6 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,9 пайызы) Қытайдан, 29,6 пайызы – Өзбекстаннан, 8,3 пайызы – Моңғолиядан, 4,4 пайызы – Ресейден, 7,3 пайызы Түрікменстаннан және 1,5 пайызы басқа елдерден", - делінген хабарламада.

Биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 56,2 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,6 пайыз және зейнеткерлер 10,2 пайыз болған.

"Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15 пайызы жоғары білімді, 20,2 пайызы орта кәсіби білімді, 54,6 пайызы жалпы орта білімді, және 10,2 пайызының білім жоқ".

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанған.

"Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адам болады. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, қоныстандыру өңірлеріне 332 қандас қоныс аударды.

Бұл өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері 35 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетіліп, тұрақты жұмысқа орналастырылған.

"Сонымен қатар, ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50 пайызы немесе бір отбасына 4,28 миллион теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети