Қазақстанға қайтарылған активтер: 12 миллиард теңге қайда жұмсалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға қайтарылған активтер: 12 миллиард теңге қайда жұмсалады? Midjourney нейронжелісі арқылы жасалған

Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитеті Қазақстанға қайтарылған активтерді пайдалана отырып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру басталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитеті Қазақстанға қайтарылған активтерді пайдалана отырып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру басталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында тізілім субъектілерімен 12 миллиард теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 4 келісімге қол қойылған.

"Солардың бірі – Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығын салу жобасы болып табылады. Оның ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды", - делінген хабарламада.

Объект іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан келушілерге тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп күтіледі.

"Тағы бір мысал, Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз ету үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй құрылысы болып табылады".

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети