Елордалық қыздар әлеуметтік желілердегі алаяқтардың кесірінен зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордалық қыздар әлеуметтік желілердегі алаяқтардың кесірінен зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан полициясына екі айда интернеттегі алаяқтық бойынша екі әйелден шағым түскен. Олар шетелдік жігіттермен Facebook, Mail.ru әлеуметтік желілері арқылы танысқан және бірнеше ай бойы бір-біріне романтикалық SMS жазған.
"Сеніміне кіру үшін алаяқтар төлқұжатының көшірмесін жіберген. Аңқау қыздар ер адамдар Қазақстанға келеді және оларды басқа елге тұруға алып кететіне сеніп, қомақты ақша жіберген. Ер адамдар тұрмысқа шығуға ұсыныс жасай отырып, мемлекеттік салық, төлқұжатты жаңарту, визаға тапсырыс беру керек деген сылтаумен қыздардан ақша жіберуді өтінген. Алаяқтардың "ниетіне" сеніп қалған қыздар халықаралық аударымдар арқылы ақша жолдаған", - деп хабарлады полицейлер.
Ақшаны алған жігіттер желіге шықпаған. Бір әйел 13 миллион теңге, екіншісі 6 миллион теңгеге шығындалған.
Нұр-Сұлтан полицейлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іс қозғады.
"Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін шұғыл-іздестіріп жатырмыз. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, абай болыңыздар. Алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыздар", - деп ескертті қалалық полиция қызметкерлері.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!