Қазақстанға келген гуманитарлық көмектің таратылуы тексеріле бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға келген гуманитарлық көмектің таратылуы тексеріле бастады Көрнекі сурет

Антикор шетелдік гуманитарлық көмекті таратуды және МӘСҚ қаражатын жымқыру фактісін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор шетелдік гуманитарлық көмекті таратуды және МӘСҚ қаражатын жымқыру фактісін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.

"Агенттік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, жұртшылық пен сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік сегменттегі дәрі-дәрмектердің, медициналық техника мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы - "СК-Фармация" ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды бастады.

Талдау барысында компания қызметінің ұйымдастыру-басқару қызметі мен нормативтік-құқықтық базасы жан-жақты зерделенеді. Нәтижелері бойынша оның қызметінің тиімділігін арттыру, ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру, бизнес-процестерді трансформациялау, әкімшілік шығындарды қысқарту, мемлекеттік сатып алуды тиімді ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар енгізіледі", - делінген хабарламада.

Агенттік омпанияның басшылығы мен қызметкерлері тарапынан анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады.

Сонымен қатар, Агенттік жұртшылықпен бірлесіп COVID-19-бен күреске бағытталған шетелдік гуманитарлық көмекті таратуды тексеріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети