Қазақстанға келген қанша ресейлік Алматыда қалғаны айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға келген қанша ресейлік Алматыда қалғаны айтылды Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы полициясы қалада қанша Ресей азаматы уақытша немесе тұрақты тұруға қалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы қалада қанша Ресей азаматы уақытша немесе тұрақты тұруға қалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакция сауалына полицияның баспасөз қызметі Ресейдің 668 азаматы уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін хабарлады. Оларға қалада заңды түрде жалдау шарттары бойынша немесе қонақ үйлерде тұратын барлық ресейлік кіреді.

Тағы 79 ресейлік тұруға рұқсат алу үшін құжаттар тапсырған. Ресейдің 35 азаматы Алматыға Қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттар тапсырған.

Еске салайық, Ішкі істер министрлігі мәліметінше, Қазақстанға күніне 8-9 мың Ресей азаматы келсе, 10-11 мың азамат кетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети