10 қараша 2014 | 15:21

Қазақстанға қонған ғарышкерлер басқа Жерді көрді - ГФР СІМ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mota.ru ©mota.ru

Қазақстанға қонған ғарышкерлер Жерге басқаша көзбен қарады деп есептейді Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға қонған ғарышкерлер Жерге басқаша көзбен қарады деп есептейді Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. 

"Олар жоғарыдан қараған кезде шекарасы жоқ Жерді көрдідеп ойлаймын. Бұл - өте маңызды фактор, бұл туралы кейін бізге әңгілемей жатар. Олар әлемді шекарасыз түрде көрді, олар әлемде біз шешуіміз керек мүлдем басқа проблемаларды көрді. Шекарадан өтуге қатысты бітпейтін даулар бар. Сонымен бірге, су, қоршаған орта және тағы басқа сияқты өте маңызды мәселелер бар", - деді ГФР сыртқы істер министрлігінің басшысы.

Ол ғарыш кеңістігіне шыққан неміс ғарышкерін құттықтап, күннің екінші жартысында онымен байланысқа шығуға тырысатынын айтты. 

Еске сала кетейік, "Союз ТМА-13М" ғарыш кемесінен түсірілген, үш ғарышкері бар капсула Қазақстан даласына қонған еді. Жерге Максим Сураев (Роскосмос), Рид Уайзман (NASA) және Александр Герст (Еуропа ғарыш агенттігі) оралды. Олардың Халықаралығ ғарыш станциясындағы экспедициясы жарты жылға созылды.

Қонған аппаратта ХҒС экипажымен бірге дрозофил-шыбынның "ғарыштық" тұқымы бар, олар жоғары ұйымдасқан организмдердің дамуына салмақсыздықтың әсерін зерттеу кезінде шығарылған. Ғалымдардың айтуынша, бұл зерттеулер ғылым үшін өте құнды және алыстағы ғарышты игеруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ХҒС бортында бортинженерлер Александр Самокутяев, Елена Серова және Барри Уилмор ғарыш вахтасын атқаруға қалды. Олар станцияға 26 қыркүйекте аттанған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети