10 қыркүйек 2022 | 14:29

Қазақстанға қоныс аудару: қандай компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото primeminister.kz Фото primeminister.kz

Бірқатар шетел компаниялары Қазақстанға "көшуге" ниет білдірді. Премьер-министрдің баспасөз қызметі қай компаниялармен қоныс аудару жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бірқатар шетел компаниялары Қазақстанға "көшуге" ниет білдірді. Премьер-министрдің баспасөз қызметі қай компаниялармен қоныс аудару жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір шетел компанияларын Қазақстанға көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, таргеттелетін 310 компанияның 51-і елімізде өндірісті шоғырландыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Олардың ішінде Honeywell, Skoda, Youngsan, EMAG, Carlsberg, Fortescue. Ал Canon, Philips, Kronospan, GE Healthcare, Alstom, Haier компаниялары алдын ала келіссөздер сатысында тұр. 

Премьер-министр I тоқсанның қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялар ағынының 54 пайызға оң динамикасы тіркелгенін айтты. 

"Қазір бірқатар инвесторлардың елімізге өз өндірістерін көшіру ниетімен байланысты мүмкіндіктер ашылып жатыр. Министрлер мен әкімдер осы бағытта туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін бар күш-жігерін жұмсасын", - деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-министр мемлекеттік органдар мен әкімдіктер барлық жоспарланған инвестициялық жобаны іске қосу бойынша түбегейлі шаралар қабылдауы тиіс екенін айтты.  

"Біз инвестициялар бойынша оң динамика болуы үшін келер жылдарға берік негіз қалауымыз керек. Бұл жұмыс орындарын құру және экономикамызды әртараптандыру тұрғысынан өте маңызды. Тиісті жұмыстар әр өңірде жүргізілуі тиіс", - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети