Бүгіне Қазақстанда коронавирустың 140-қа жуық штамы анықталды. Алайда коронавирустың "ұлыбританиялық" штамы Қазақстанда да пайда болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байтанаев Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында Қазақстанда коронавирустың 140-қа жуық штамы анықталғанын айтты. Олардың бәрі 2020 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында 14 өңірде анықталып, зерттелген.
"Бұл Германия, Испания, Украина, АҚШ және Қытайда таралған штамдар. Ұлыбританияда анықталған жаңа мутацияланған штамм Қазақстанда тіркелмеген. Материалдарды жинау жалғасып жатыр", - деді комитеттегілер.
Байтанаевтың айтуынша, теориялық тұрғыдан коронавирустың "ұлыбританиялық" штамы Қазақстанда да пайда болуы мүмкін.
"Ұлыбританиялық" штам мүлде пайда болмайды деп айтуға болмайды. Мониторинг үшін зертханаларда шетелден ұшып келген Қазақстан азаматтарынан ПТР-анықтамасыз үлгілер жиналады. Бұл генетикалық сипаттамаларды одан әрі зерттеу, импортталған нысандарды анықтау және SARS-CoV-2 вирусының мутациялық өзгергіштігін зерттеу үшін қажет", - деді ведомство өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!