Қазақстанға құны 26,7 миллиард теңге болатын бірегей көл қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға құны 26,7 миллиард теңге болатын бірегей көл қайтарылды Скриншот Яндекс карта

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге болатын бірегей "Теке" көлін қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге болатын бірегей "Теке" көлін қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылы ас тұзын өндеуге арналған келісімшарт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыға жалпы ауданы 21,5 мыңга Теке көлін бергені анықталды.

"Дегенмен, 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына қарамастан, уәкілетті орган жер кодексінің талаптарына қайшы, екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты бұзу жөнінде шаралар қабылдамаған, бұл су қорының жерлерін мақсатсыз пайдалануға әкелді", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекстің талаптарына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектісі құзыретті органның ресми сайтында жер қойнауын пайдаланушылардың тізілімінен алынбаған.

"Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қабылданған шараларымен жер учаскесін жалдау шарты сотқа дейінгі тәртіппен біржақты бұзылды. Кадастрлық құны 26,7 миллиард теңге болатын жалпы ауданы 21,5 мың гектар ащы — тұзды Теке көлі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Құзыретті органның интернет-ресурстарындағы мәліметтер сәйкестендірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Мемлекет мүдделерін қорғау мәселелері СҚО прокуратурасының ерекше бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети