09 желтоқсан 2014 | 15:00

Қазақстанға Новосібір мен Новокузнецкіден пойыздар қатынамайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©zaleskiy.com ©zaleskiy.com

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мамандары 14 желтоқсаннан бастап, Ресейден қандай пойыздардың қатынасы тоқтайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Компанияның мәліметінше, "Ресей теміржолдары" ААҚ құрылымдарының №325/326 Новосібір - Алматы және №371/372 Новокузнецк - Қарағанды бағыттарындағы қозғалысы тоқтатылады. 

Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға пойыздар қатынасын тоқтату туралы шешімді "Федералдық жолаушылар компаниясы" ААҚ 8 желтоқсан күні жария етті. Оған бағыттардан пайданың аз түсуі себеп болды. Компания өкілдері "қажет болған жағдайда пойыздардың қайта тағайындалуы мүмкін" екенін хабарлады. 

"Қазақстан темір жолы" өкілдері екі ел арасында 16 пойыздың қатынайтынын айтты. Оның 10-ы - "ҚТЖ" ҰК" АҚ-на, алтауы "РТЖ" ААҚ-ға тиесілі. Қазақстандық тасымалдаушы өкілдерінің мәліметінше, компанияның №301/302 Алматы - Новосібір бағыты жалғасатын болады. "ҚТЖ" ҰК" АҚ құрылымдары Ресейге 10 пойыздың қатынасын тоқтатпайды", - деп хабарлады ұлттық компания өкілдері. 

Айта кетейік, "Федералдық жолаушылар компаниясы" ААҚ Қазақстанға барлық пойыздың қатынауын тоқтатпайды. Аталған шешімнің республика аумағы арқылы өтетін Челябинск - Ташкент және Орынбор - Ташкент тұрақты бағыттарына қатысы болмайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети