16 тамыз 2020 | 15:42

Қазақстанға ПТР тестілеусіз кімдер кіре алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың қаулысында Қазақстанға ПТР тесілеусіз кімге кіруге болатыны жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың қаулысында Қазақстанға ПТР тесілеусіз кімге кіруге болатыны жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Халықаралық әуе рейстерімен келетін жолаушыларға қатысты елдердің үш санаты және шектеулер қарастырылған: 

Бірінші санатқа: ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Тайланд, Венгрия,Үндістан, Германия Чехия, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Түркия, Египет, Украина, Нидерланд, Ресей. 

Бұл ердерден келген адамдар термометрия және сауалнамадан өтуі тиіс.

Екінші санатқа: Польша, Өзбекстан, Тәжікстан және Үшінші санаттағы елдерден жүйелі емес рейстер (эвакуациялық және чартерлік).

Бұл елден келген жолаушылар термометриядан және сауалнамадан өтуі тиіс, ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) болған кезде, анықтаманы алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен жағдайда - шектеусіз.

Анықтама болмаған жағдайда - келген күнінен бастап (шетел азаматтары үшін) 48 сағаттың ішінде келген жері бойынша (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) тұрғылықты жері бойынша ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру, оның өту міндеттілігі туралы хабарлама немесе 14 күнге үй карантині қарастырылған.

Үшінші санатқа бірінші және екінші санаттағы елдерді қоспағанда барлық ел кіреді. Жүйелі авиарейстерге тыйым салынған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети