Қазақстанға Ресейден гуманитарлық көмек келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға Ресейден гуманитарлық көмек келді

Қазақстанға Ресейде гуманитарлық көмек келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға Ресейде гуманитарлық көмек келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен уағдаластықтардың жалғасында 8 шілдеде Нұр-Сұлтанға Ресей Федерациясы ТЖМ арнайы бортымен Қазақстан тарапы үшін гуманитарлық жүк жеткізілді.

Министрлік мәліметінше, РФ гуманитарлық көмегіне медициналық маска, қорғаныстық киім жиынтықтары мен медициналық препараттар кіреді. Қазақстандағы гуманитарлық көмектің бірыңғай операторы - "СҚ-Фармация" ЖШС . Жақын арада Ресейден гуманитарлық жүкпен бірнеше рейс келеді деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін Ресей Үкіметі мен бауырлас халқына алғысын білдіреді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети