Қазақстанға ұшып келген жолаушылар үшін ПТР-тестке 34 миллион теңге жұмсалған

Фото: elements.envato.com

Қазақстанға ұшып келген жолаушылар үшін ПТР-тестке 34 миллион теңге жұмсалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанға ұшып келген жолаушылар үшін ПТР-тестке 34 миллион теңге жұмсалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде шетелден келген 3 051 адам тест тапсырды. Тест жасау үшін шамамен 34 миллион теңге шығын болды. Бірақ карантин шаралары енгізілгенге дейін бізге анықтамамен және анықтамасыз келген адамдардың қатынасы 30-ға 70 пайыз болғанын атап өту керек. Яғни 30 пайызы ғана анықтамамен келген", - деді еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов ОКҚ онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, қазір жолаушылар көбіне ПТР-тест нәтижесімен келеді. 

Реклама
Реклама

"Бүгінде әуе көлігі арқылы келіп жатқан шетелдіктер мен азаматтарымыздың 80 пайызының қолында ПТР-тест болады. Бұл сан көбейеді деп ойлаймын, себебі адамдарға тестілеу нәтижесімен ұшып келу ыңғайлы", - деп түйіндеді Қиясов.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі төрт елге әуе рейсін қысқартуға кеңес берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама