Қазақстанмен шекарадағы әскери қоймада жарылыс: 16 адам зардап шекті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанмен шекарадағы әскери қоймада жарылыс: 16 адам зардап шекті

Қазақстанмен шекараға жақын жерде Өзбекстан қорғаныс министрлігінің қоймасында жарылыс болып, 16 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанмен шекараға жақын жерде Өзбекстан қорғаныс министрлігінің қоймасында жарылыс болып, 16 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 05:01-де төтенше жағдайлар бөліміне Сырдария ауданындағы Мәлік ауылында жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Осыдан кейін оқиға салдарынан зардап шеккен 16 науқастың 12-сі Сырдария аудандық медицина бірлестігіне жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығына дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен төрт адам Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығының Сырдария филиалында стационарлық бақылауға алынды. Зардап шеккендер арасында ауыр жараланғандар мен ауыр халде жатқан науқастар жоқ екені атап өтілді.

Еске салайық, оқиға 22 қазан таңғы сағат 4:55-те Өзбекстанның Мәлік ауылындағы әскери қоймада (Қазақстан шекарасынан бірнеше шақырым ғана жерде – ред.) болған. Министрлік бұл қоймада не сақталғанын және жарылысқа не себеп болғанын анықтап айтпады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети