Қазақстаннан 15 миллиард доллар шығарылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан 15 миллиард доллар шығарылған Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Қазақстаннан 15 миллиард долларға жуық қаржы криптовалюта түрінде шығарылған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан 15 миллиард долларға жуық қаржы криптовалюта түрінде шығарылған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі күні елден шығарылған криптоактивтердің көлемі 15 миллиард доллар болып отыр. Себебі азаматтардың криптоактивтерге еркін инвестиция сала алуы үшін әкімшілік-құқықтық реттеу жеткіліксіз болды", – деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Шолпанқұловтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда цифрлық активтер нарығын реттеу бойынша заңнамалық тәсілдер әзірленіп жатыр. Ерекше көңіл заңсыз жолмен қаражат шығаруды тоқтатуға бөлінеді.

"Қазір біз бұл бағыттағы тәсілдер әзірленгенін және алдағы уақытта жүзеге асырылатынын айтып отырмыз. Екінші мәселе – заңсыз жолмен қаражат шығаруға тырысқан адамдарды қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту", – деді ол.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары болашақта халықаралық криптовалюта операцияларын бақылау жүйесінің технологиялық мүмкіндіктері арқылы кім, қайда, қанша қаражат шығарғанын анықтау мүмкін болатынын атап өтті.

"Бәлкім, біз де брифинг өткізіп, қаражатты "көлеңкелі" аймақта қалай және кім жұмсағанын аты-жөнімен жариялайтын шығармыз. Бұл – әкімшілік және қылмыстық қудалауға қатысты шара болады", – деді Шолпанқұлов.

Журналистер бұрын шығарылған 15 миллиард доллардың ізі бар ма деп сұрады.

"Қазіргі уақытта жоқ. Бірақ біз халықаралық жүйеге мүше болған соң, бәрі көрінетін болады. Мүмкін, жеке брифинг өткізіп, қаражаттың қашан, кім арқылы шығарылғанын, кімнің қандай криптоәмиянында заңсыз қаражат сақтап отырғанын жариялаймыз. Технологиялық мүмкіндік бар, тек уақыт қажет", – деп уәде берді Берік Шолпанқұлов.

Бұған дейін Шолпанқұлов Қазақстанда криптовалютаны ресми түрде сатып алып, сатуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер дайындалып жатқанын хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети