20 тамыз 2018 17:52

Қазақстаннан көшіп кетіп жатқан ТОП-6 мамандық иелері

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©pixabay.com ©pixabay.com

2018 жылдың бірінші жартысында жоғары білімі бар 5 250 адам Қазақстаннан кетті. Көшіп кеткен қазақстандықтардың көбі - техникалық білімі бар азаматтар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


2018 жылдың бірінші жартысында жоғары білімі бар 5 250 адам Қазақстаннан кетті. Көшіп кеткен қазақстандықтардың көбі - техникалық білімі бар азаматтар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ақпараты бойынша, ТМД елдеріне 15 399, өзге елдерге 1 772 қазақстандық көшіп кеткен. 

Қаладан да, ауылдан да кетіп жатыр. Қаладан ТМД елдеріне 13226, өзге елдерге 1335 адам кеткен. Ал ауылдық жерден ТМД елдеріне 2173, өзге елдерге 437 ауылдық көшіп кеткен. 

ТМД елдеріне көбіне Шығыс Қазақстан облысынан - 2 402 адам, Қостанайдан -  2 157 адам, Қарағандыдан - 2 067, Павлодар облысынан - 1 771, Солтүстік Қазақстан облысынан - 1 426 адам кеткен. 

Ал басқа елдерге көбіне Алматы тұрғындары - 303 адам, Қарағанды - 286 адам, Қостанай - 209 адам, Павлодар - 201 адам кеткен.

Қазақстаннан барлығы 16 жасқа дейінгі 4147 адам, зейнеткерлік жасқа толмаған ересектер - 12 047 адам, зейнеткерлер - 977 адам кеткен.


ТМД елдеріне көшіп кеткен 16 жастан асқан 15399 қазақстандықтың ішінде 4 797 адамның жоғары білімі бар, 3 828 адамның орта кәсіптік білімі, 2 006-ның орта жалпы білімі және 1 068-нің негізгі орта білімі бар.

Басқа елдерге кеткен 1777 адамның 453-і жоғары білімді, 364-інде орта кәсіптік білімі бар. Тағы 277 адам орта жалпы білімді және 231 адамның орта жалпы білімі бар.

Елден кеткен 17 171 адамның әрбір үшінші дерлік азаматы жоғары білімді, ол 5 250 адам. 

ТМД елдері

Басқа елдер

Қазақстаннан шығып кеткен 16 жастан асқан 13 024 ересектің ішінде 6 552 адам тұрақты тұруға, 123 жұмыс бабымен, 21 - зерттеуге және 326 адам оқуға және басқа мақсатта кеткен.

Мамандықтар бойынша көбіне Қазақстаннан техникалық білімі бар - 3 123 адам кеткен. Сонымен қатар, көшіп кеткендер қатарында 1 672 экономист, 994 педагог, 496 медик, 355 заңгер, 257 сәулетші мен құрылысшы және 163 ауыл шаруашылығы қызметкері бар.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети