26 тамыз 2022 09:27

Қазақстаннан Ресейге автокөлік шығару схемасы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanatv.kz © astanatv.kz

Дилерлер Қазақстаннан Ресейге жаңа көліктерді жаппай шығарып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Дилерлер Қазақстаннан Ресейге жаңа көліктерді жаппай шығарып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Мысалы, Татарстан кедені жыл басынан бері облысқа біздің елден 237 автокөлік әкелінгенін хабарлаған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш төртке тең болған.

Өйткені, Ресейде автомобиль өнеркәсібінде дағдарыс байқалады: бағаның көтерілуінен ондағы жаңа көліктердің сатылымы 70 пайызға төмендеген. Шекараның арғы жағында бір модельгі көлік бағасына айырмашылық миллион рубльден басталады, дейді жеке дилерлер.

Нұр-Сұлтанда жерлестеріне көлік алуға көмектесіп жүрген ресейлік жеке дилер көлікті автоорталықтан сатып алып, Ресей Федерациясына жөнелтетін қазақстандықты табу жеткілікті екенін айтты. Бұл схемаға сәйкес, ер адам қазірдің өзінде 50-ден аса көлік пен кроссовер сатқан. Алайда жұмысын маусымда ғана бастаған.

"Алғашқы сатып алушылар Қазақстан азаматтары. Кедендік ресімдеу үшін Қазақстанда барлық кедендік бажды төлейміз. Порт қызметтеріне төлейміз, содан кейін көлікті тасымалдаушыға салып, Ресейге апарамыз", - дейді көлік сатып алу жөніндегі кеңесші Олег Нұрмұхаметов.

Бұл схеманың жалғыз қиындығы - рубльді теңгеге айырбастау. Ресейлік банктер қазақстандықтарға қарағанда ақшаны "ұтымсыз" бағаммен айырбастайды, деп түсіндірді жеке дилер.

Дилер қазақстандықтармен қарым-қатынас жасау өте жақсы екенін мойындады. Оның пікірінше, біздің еліміз автомобиль хабына айналып келеді.

"Дұрысын айту керек, мен қазақстандықтар тарапынан алдауды кездестірген жоқпын. Яғни, бағаны келісіп, қол алысып, алдын ала төлем жіберсек – болды. Қазақстан қазір автомобиль хабына айналып келеді. Сіздерде порттар бар, бұл порттарға қазақстандық нарыққа арналмаған транзиттік вагондар көп келеді", - деді Нұрмұхаметов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети