Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақстаннан Сербияға гуманитарлық көмек жеткізілді

06 Қазан 2014, 16:40
0
Фото imenno.ru сайтынан алынды
Фото imenno.ru сайтынан алынды

Сербияға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Апатқа ұшыраған аймақтардың мұқтаждықтарына 42 дана суға арналған қойма, 1 мың төсек, 170 шатыр, 2,5 мың төсек-орын жабдық жиынтығы, 340 шәйнек – барлығын қосқанда 10 вагон гуманитарлық жүк Қазақстаннан Сербияға теміржол арқылы жеткізілді", - делінген министрліктің хабарламасында. 

Осы жылдың жазында Сербия Республикасы елдегі алапат су тасқынына байланысты ресми түрде көмек сұраған болатын. Қазақстан Үкіметі табиғи катаклизм зардабының салдарын қайта қалпына келтіру мақсатында шұғыл гуманитарлық көмек жіберуге шешім қабылдады.

"Сербия Республикасы СІМ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Горан Петрович Сербия Үкіметі атынан еліміздің басшылығына және Қазақстан халқына уақытылы көрсетілген колғабысы үшін алғысын білдірді", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Tengrinews.kz Қазақстан Сербияға 37 миллион теңге соммасында гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті екендігін хабарлаған болатын. Гуманитарлық жүкті жіберу туралы қаулы 2014 жылдың 31 шілдесінде шыққан. Осы жылы Қазақстан Сербиядан бөлек, Ауғанстанға да 141 миллион теңге сомасында гуманитарлық көмек көрсететін болады. 

19 мамыр күні Сербия қазақстандықтарды халықты қауіпсіз жерге көшіруге және су тасқынының зардаптарын жоюға көмектесуге шақырған болатын. Сербия Республикасының Үкіметі халықты қауіпсіз жерге көшіруге және су тасқыны салдарын жоюға қол үшін бергені үшін ресейлік құтқарушыларға, Еуроодақ пен Беларусьқа, Балқан өңірінің елдеріне және мыңдаған сербиялық жекелеген азаматтарға зор алғысын білдірді. Дегенмен апат ауқымы мен Сава өзенінің арнасынан асу қаупі ахуалды тұрақтандыруға әлі де көптеген күш-жігерді, еңбекті және қаржыны қажет етеді. Сондықтан да Қазақстандағы Сербия Елшілігі Сербияның барлық азаматтарын, достарын және бұл жағдайға бейжай қарамайтын адамдарды Сербия халқына көмек қолын созуға шақырды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай