Қазақстаннан стратегиялық маңызы бар шикізат жасырын шығарылмақ болған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан стратегиялық маңызы бар шикізат жасырын шығарылмақ болған видео кадры

Шетелге стратегиялық маңызды шикізатты жасырын әкетпек болғандар әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелге стратегиялық маңызды шикізатты жасырын әкетпек болғандар әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс мәлімдеді.

"Жетісу облысында Полиция департаментінің жедел қызметкерлері стратегиялық маңызы бар шикізат саналатын қорғасынның ірі партиясын заңсыз әкетуге жол бермеді. 60 тоннадан аса қорғасын тиелген екі жүк көлігі тоқтатылды, оның нарықтағы құны 60 миллион теңгеден асады. Жүк заңсыз экспортқа жіберілмек болған", - деді ол.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырғандар анықталып, оларды ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін осындай жағдайлар еліміздің басқа өңірлерінде де анықталған болатын. Кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети