Түркиядағы жағдайға байланысты Қазақстаннан ұшатын барлық рейс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестиция және даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлына сілтеме жасап.
Түркиядағы жағдайға байланысты Қазақстаннан ұшатын барлық рейс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестиция және даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлына сілтеме жасап.
"Түркиядағы жағдайды білгенге дейін ҚР ИДМ бүгін республика қалаларынан Түркияға ұшуы тиі болған барлық 15 әуе рейсін тоқтатты: тоғыз рейс отандық және алты рейс шетелдік әуе компаниясынан. Оның ішінде Қарағандыдан Скат әуе компаниясының 06.30-да ұшып кеткен рейсі бар, ол қайта ұшып келе жатыр", - деп хабарлады Қайсар Жұмабайұлы.
Қазақстанның турагенттіктері Ассоциациясының өкілдері қазақстандық туристердің қонақүйден шықпауын ескертіп отыр. "Анкарадағы мемлекеттік төңкеріс әрекетіне байланысты тыныштық сақтап, қонақүй территориясынан шықпауды сұраймыз, Анталиядағы туристерден сұраймыз", - деп хабарлады ҚТАА президенті Асель Нүркебаева.
Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріліс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды.